Abstract:
Бұл мақалада Қазақстан Республикасында саяси құқықтар мен бостандықтар ұғымын тану
және бекітудің кейбір мәселелеріне тоқталып, тарихи кезеңдеріне сипаттама беру орын алды. Жалпы мақалада
адам және азаматтардың құқықтар мен бостандықтары зерттеліп, саяси құқықтары терең сипатталды.
Жалпы мақалада конститутциялық құқықтар, бостандықтар және міндеттердің маңызды қағидаларын
сипаттай отырып, олардың жүзеге асырылу механизмін, мазмұнын және шектері зерттелген. Қазіргі таңда
демократиялық мемлекеттерде адам және азаматтарға берілетін құқықтар мен бостандықтар тек мемлекет
азаматтарына ғана тиесілі. Бұл ереже осы құқықтар мен бостандықтардың ерекшілігін көрсетеді. Бірақ, барлық
саяси құқықтар мен бостандықтар тең дәрежеде сотпен қорғалады, яғни мемлекетпен кепілдендірілетіні
анық. Аталмыш мақалада Қазақстан Республикасында саяси құқықтар мен бостандықтар ұғымын тану
және бекітудің қырларын аша отырып, адам мен азаматтың демократиялық құқықтары мен бостандықтарын
құрметтеу, сақтау және қорғау, көппартиялық және идеологиялық әралуандық, сайлауды реттеу саласындағы
құқықтық нормалардың тұрақтылығы және сонымен бір мезгілде олардың саяси дамуы сияқты маңызды мәселелер қарастырылған.