Abstract:
Мақалада терроризімді тергеу кезіндегі арнайы ғылыми білімді қолданудың өзекті
мәселелері қарастырылады. Ең алдымен, терроризм фактілері бойынша тағайындалатын сот сараптама түрлерін нақты жағдайға қатысты жүйелендіру қажеттілігі талқыланып отыр. Сонымен қатар,
арнайы ғылыми білімнің нысаны ретінде қазіргі замаңға тән ғылыми-техникалық құралдарды қолдану қажеттілігіне мақалада көңіл бөліп отырмыз. Аталған проблеманы шешу барысында жүргізілетін тергеу әрекеттерінің алгоритмі және тағайындалатын сот сараптамаларына талдау жасау әдістерін қолдана отырып, өз пікірлерімізді ұсынып отырмыз.