Abstract:
Бұл ғылыми еңбек заң ғылымындағы зерттелуге сұраныс алатын, заман дертіне
айналған болашақ мемлекет тізгініне ие болатын азаматтардың қоғамның негізін бұзатын құқық
бұзушылыққа деген құқықтық танымын кеңейтіп, дамытудың кейбір қырларын зерттеуге арналған.
Бұл аталған мәселені зерттеуде авторлар еліміздегі рухани жаңғыру үрдістерін міндетті түрде ескеру керектігіне тоқталады. Өйткені бұл әлемнің барлық елдерінде белең алған мәселені ғылыми
тұрғыдан зерттеу ұлттық құндылықтардың ерекшеліктері, олардың қоғамдағы кейбір дауларды
шешу тетіктерімен тығыз байланысты. Болашақта мемлекетті басқару ісіне араласатын жас мамандардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінен тиімді тетіктерді көруге болады.