Аннотации:
Бұл мақалада бiз (1+1)-өлшемдi локалды емес бейсызықты Шредингер
теңдеуiн қарастырамыз. (1+1)-өлшемдi локалды емес бейсызықты Шредингер теңдеуi керi
шашырау әдiсi арқылы интегралданатыды. Осы теңдеуге Дарбу түрлендiруi пайдаланылған.
Сондай-ақ, осы (1+1)-өлшемдi локалды емес бейсызықты Шредингер теңдеуiнiң бiрреттiк,
екiреттiк және n -реттiк Дарбу түрлендiрулерi детерминанттық көрнiстерi алынған. Бұл
жұмыста осы теңдеудiң нақты шешiмдерiн құрамыз. Жоғарыда көрсетiлген нәтижелердi
пайдалана отырып, осы теңдеудiң басқа да солитондық және солитон тәрiздi (солитон тәрiздi:
динамикалық және топологиялық солитондар, периодтық, домендiк кедергiлер, кинктер,
ламптар, ашық және күңгiрт солитондар, ашық және күңгiрт қиратушы толқындар, ашық
және күңгiрт позитондар және т.б.) шешiмдерiн құруға болады.