Abstract:
Бұл мақалада Бьянки I типтi локальдi-симметриялық кеңiстiк уақытында
F(R, T) гравитациясының дербес жағдайы ретiнде параметрi ω =-3/2 тең болатын БрансДикке теориясына эквиваленттi болатын Палатини формализмiндегi F(R) гравитациясы
зерттелдi. Берiлген модель үшiн лагранжиан қорытылды. Бранс-Дикке типтi скалярлық
өрici бар модель үшiн қозғалыс теңдеулерi анықталды. Ұлғаю скаляры мен жылжу скаляры
арасындағы пропорционалдықты қолдана отырып, берiлген модель үшiн космологиялық
шешiмдер табылды.