Abstract:
мақалада түсiретiн аппараттың орбитада қозғалысын моделдеу мәселесi
қарасытырылған. Сонымен қатар, түсiретiн аппараттың жер атмосферасындағы қозғалысы
жайында жалпы мағлұматтар, орбитадан аэродинамикалық жолмен түсiрудiң жалпы бейнесi
және қозғалыс теңдеулерi мен баллистикалық түсуi жайында ақпараттар айтылған. Түсiретiн
аппараттың орибатада қозғалысының математикалық моделiн жүйелейтiн теңдеу мен тұрақты
жолдары табылды. Осы мақалада түсiретiн аппараттың моделдерiн зерттеуде және оның жаңа
трассаларын табуда қолдану мүмкiндiктерiмен айқындалады. Егер орбитадан түсiру шамасы
күтiлмеген техникалық себептермен байланысты негiзден ауытқыса, онда ғарыштық аппарат
елдi мекенге болмаса географиялық ыңғайсыз аймаққа түсiп кетуi мүмкiн. Ғарышкерлердi
қондыру кезiнде олардың қауiпсiздiгiн қамтамсыз ету жолында және елдi мекендерге
ғарыштан күтiлмеген аппараттардың түсуiнен сақтау мәселесiмен, олардың қауiпсiздiгiмен
байланысты болып келедi. Сондықтан түсiру аппаратының қозғалысына атмосфера
параметрлерiнiң әсерiн зерттеу, оның қозғалыс моделiнiң дәлдiгiн арттыру заманауи ғарыштық
ғылымның ең өзектi мәселелерiнiң бiрi болып саналады. Мақаланың теориялық маңыздылығы
онда нақты теңдеулер жүйесiнiң шешiмi алынғандығында және ауа тығыздығының биiктiк
бойынша таралу функциясында Халықаралық стандарттық атмосфера моделiнен есептеп
табылған коэффициенттi қолдануда болып табылады.