DSpace Repository

ЕҰУ эксперименттiк кешенiнiң бақылау деректерi негiзiндегi 2016-2019 жж. ғарыштық сәулелердiң вариациялары

Show simple item record

dc.contributor.author Тулеков, Е.А.
dc.contributor.author Морзабаев, А.К.
dc.contributor.author Махмутов, В.С.
dc.contributor.author Ерхов, В.И.
dc.contributor.author Филиппов, М.В.
dc.date.accessioned 2023-08-15T09:26:41Z
dc.date.available 2023-08-15T09:26:41Z
dc.date.issued 2020
dc.identifier.issn 2616-6836
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/4880
dc.description.abstract бұл мақалада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнде (ЕҰУ) құрылған ғылыми космофизикалық эксперименттiк кешеннiң CARPET қондырғысының қысқаша сипаттамалары және 2016-2019 жылдар кезеңiнде алынған эксперименттiк деректер келтiрiлген. Жер магнитосферасы мен планетааралық ортадағы ғарыштық сәулелер мен жағдайлардың тiркелген өзгерiстерiн талдаудың жеке нәтижелерi келтiрiлген. Алынған деректердi түзету үшiн барометрлiк коэффициенттi анықтау әдiсi келтiрiлген. Басқа нейтрондық мониторларда алынған эксперименттiк деректердi өлшеу динамикасы CARPET детекторымен жүргiзiлген өлшеу деректерiнiң сериясымен жақсы сәйкес келетiнi көрсетiлген. ЕҰУ ғылыми космофизикалық эксперименттiк кешенiнде үздiксiз мониторинг пен зерттеудiң мақсаты қайталама ғарыштық сәулелер ағындарының вариацияларын зерттеу болып табылады. Бұл жұмыс CARPET детекторының көмегiмен алынған эксперименттiк мәлiметтер күн, планетааралық ортада, сондай-ақ, жер үстi атмосфералық қабатының бетiнде болып жатқан процестер жағдайында ғарыштық сәулелердiң өзгеру қасиеттерiн әртүрлi уақыт аралықтарында зерттеуге мүмкiндiк беретiнiн көрсеттi. Жұмыс шеңберiнде екiншi реттi ғарыштық сәулелер вариацияларының кең уақыттық спектрi – қысқа мерзiмдi (форбуш-эффект, күн әсерлерi және т.б.), ұзақ мерзiмдi зерттелдi. Сәулелену өрiстерiнiң сандық сипаттамалары және алынған мәлiметтердi түсiндiру мүмкiндiгi алынды. Жұмыс барысында алынған зарядталған бөлшектердiң ағындары туралы бiрқатар мәлiметтердi ғарыш сәулелерiнiң магнитосфералық және атмосфералық процестерге модуляциясы мен әсерiне байланысты есептердi шешуде қолдануға болады. CARPET детекторының көмегiмен алынған деректер және эксперименттiк жұмыстардың нәтижелерi ұзақ мерзiмдi перспективаға зерттеулер жүргiзуге мүмкiндiк бередi және екiншi реттi ғарыштық сәулелер ағындарының жалпы әлемдiк деректер банкiн толықтырады. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher ЕНУ им. Л.Н. Гумилева ru
dc.subject космофизикалық кешен ru
dc.subject ғарыштық сәулелердiң вариациясы ru
dc.subject зарядталған бөлшектердiң ағынын есептеу қарқыны ru
dc.subject мониторинг ru
dc.title ЕҰУ эксперименттiк кешенiнiң бақылау деректерi негiзiндегi 2016-2019 жж. ғарыштық сәулелердiң вариациялары ru
dc.type Article ru


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account