Аннотации:
бұл мақалада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнде (ЕҰУ)
құрылған ғылыми космофизикалық эксперименттiк кешеннiң CARPET қондырғысының
қысқаша сипаттамалары және 2016-2019 жылдар кезеңiнде алынған эксперименттiк деректер
келтiрiлген. Жер магнитосферасы мен планетааралық ортадағы ғарыштық сәулелер мен
жағдайлардың тiркелген өзгерiстерiн талдаудың жеке нәтижелерi келтiрiлген. Алынған
деректердi түзету үшiн барометрлiк коэффициенттi анықтау әдiсi келтiрiлген. Басқа
нейтрондық мониторларда алынған эксперименттiк деректердi өлшеу динамикасы CARPET
детекторымен жүргiзiлген өлшеу деректерiнiң сериясымен жақсы сәйкес келетiнi көрсетiлген.
ЕҰУ ғылыми космофизикалық эксперименттiк кешенiнде үздiксiз мониторинг пен
зерттеудiң мақсаты қайталама ғарыштық сәулелер ағындарының вариацияларын зерттеу
болып табылады. Бұл жұмыс CARPET детекторының көмегiмен алынған эксперименттiк
мәлiметтер күн, планетааралық ортада, сондай-ақ, жер үстi атмосфералық қабатының
бетiнде болып жатқан процестер жағдайында ғарыштық сәулелердiң өзгеру қасиеттерiн
әртүрлi уақыт аралықтарында зерттеуге мүмкiндiк беретiнiн көрсеттi. Жұмыс шеңберiнде
екiншi реттi ғарыштық сәулелер вариацияларының кең уақыттық спектрi – қысқа мерзiмдi
(форбуш-эффект, күн әсерлерi және т.б.), ұзақ мерзiмдi зерттелдi. Сәулелену өрiстерiнiң
сандық сипаттамалары және алынған мәлiметтердi түсiндiру мүмкiндiгi алынды. Жұмыс
барысында алынған зарядталған бөлшектердiң ағындары туралы бiрқатар мәлiметтердi
ғарыш сәулелерiнiң магнитосфералық және атмосфералық процестерге модуляциясы мен
әсерiне байланысты есептердi шешуде қолдануға болады. CARPET детекторының көмегiмен
алынған деректер және эксперименттiк жұмыстардың нәтижелерi ұзақ мерзiмдi перспективаға
зерттеулер жүргiзуге мүмкiндiк бередi және екiншi реттi ғарыштық сәулелер ағындарының
жалпы әлемдiк деректер банкiн толықтырады.