dc.description.abstract |
ХХ ғасыр басында түркі халықтарының рухани өміріне белсене атсалысқан алдыңғы қатарлы қаламгерлер шоғыры кейінгі ұрпаққа бай әдеби мұра қалдырды. Солардың бірі – «Шығыстың Шекспирі» атанған әзербайжан ақыны, драматургы Хүсейін Жавид. Өкінішке қарай, оның шығармалары қазақ
оқырманына бейтаныс болып келеді. Мұның негізгі себебі – өзара аударма тәжірибесінің жүйелі түрде жолға қойылмағандығы және қазақ-әзербайжан әдеби байланыстарын ғылыми тұрғыдан зерттеудің осы уақытқа
дейін жеткілікті дәрежеде қолға алынбағандығы. Сондықтан бұл бағытта әдебиеттанушылардың алдында тың
мақсаттар пен міндеттер тұр. Негізінен Низами Гәнжәуи, Абай Құнанбаев, Мырза-Фәтәли Ахундзадә секілді
классиктері шығармаларынан ғана азды-көпті хабардар екі халықтың арғы-бергі әдебиетіндегі құбылыстарды ең алдымен салыстырмалы-тарихи әдіс тұрғысынан таразылау қажет. Бұл мақалада Хүсейн Жавидтің
өлеңдеріндегі романтизм оның өзімен замандас қазақ ақындарының (М.Жұмабаев, М.Дулатов, С.Торайғыров, Б.Күлеев) поэзиясындағы ұқсас сарындармен ұштастыра қарастырылып, екі ел әдебиеті дамуының сол кезеңіндегі идеялық-көркемдік ізденістер көп ретте ортақ мәдени-рухани арнадан бастау алғандығы нақты мысалдармен дәлелденеді. |
ru |