Аннотации:
Бұл мақалада жоғары оқу орындарында филолог-студенттерді қолданбалы лингвистика саласының маманы, қосымша компьютерлік бағдарламашы мамандығын бірге оқыту жолдары мен тәсілдері қарастырылады. Себебі қазіргі тіл білімінде тілдік құбылыстар мен фактілерді
дəстүрлі грамматика тұрғысынан ғана емес, тілдің қолданбалы салалары тұрғысынан зерттеп, зерделеу қалыптасып, берік орнықты деуге болады. Мақалада алдымен, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының лингвистикадағы рөлі түсіндіріліп, одан кейін М.В. Ломоносов атындағы
Мәскеу мемлекеттік университетінің Қолданбалы лингвистика бөлімінің бағдарламасы негізінде
филолог-мамандарға филологиялық пәндермен қоса «Қолданбалы математика» және «Бағдарламалау негіздері» т.б. пәндерді білім беру бағдарламасының қай мерзімінде оқытылуы керектігі және
бұл пәндердің мазмұнында не оқытылуы керектігі туралы айтылады.
Мұның өзі қазір ғылым мен техниканың жетістіктерін өмірдің барлық салаларында, оның ішінде филологияда, кеңінен қолданылуымен байланысты болып отыр. Бұл, əрине қазіргі қоғамды компьютерлендіру процесімен байланысты екені белгілі. Сондықтан филология мамандығының түлектерін компьютерлік технология бағытында оқыту үшін қандай пәндер және ол пәндер нені меңгеруі тиіс екені көрсетілдеі.