Аннотации:
Қазақ тұрмысындағы байырғы дәстүр мен қоғамдық қатынастардың өзгеруіне
байланысты сөздердің табиғатында да түлі өзгерістер болған. Солардың қатарына сөз мағынасындағы құқықтық ақпараттарды жатқызуға болады. Мысалы, «әке» сөзінің мағынасында оның
құқығы мен міндеттері қатар қамтылады. Әке бала-шағасын бағуға, қамқор болуға міндетті және
осыған сәйкес олардан талап ете де алады. Сол секілді ана, ұл, қыз, аға, жеңге т.б. көптеген атаулар мағынасында да осындай құнды ақпараттар сақталған. Сонау ғұн, сақ дәуірлерінен жалғасып
келе жатқан бұл дәстүр тілдік қордағы сөздердің мазмұнынан берік орын алған. Алайда соңғы ғасырларда болған қазақ қоғамындағы өзгерістер осы асыл құндылықтардың көмескіленуіне ықпал
етті. Мақалада қазақ сөзі мен оның өн бойында тұнған құқықтық қағидалардың сырларына түсінік
беріледі және экстралингвистикалық мәселелеріне талдаулар жасалады.