dc.description.abstract |
Эпостардың барлық жанрларындағы маңызды категориялардың бірі – батырлардың ерлігі мен олардың дұшпандарына қарсы күресі болып табылады. Дәуір алмасуына, тарихи
жағдайларға қарай, дұшпан бейнесінің берілуі де заманмен бірге өзгеріске ұшырап отырды. Ең
алғашқы көне эпостарда батырлар негізінен мифтік кейіпкерлермен ғана жауласқан болса, уақыт
өте келе тарихи оқиғалардың дамуына байланысты жаулары да шынайы қасиеттерге ие образдарға
ауысады. Уақыт өте келе жезтырнақ, құбыжық, төбекөз, мыстан кемпір, айдаһарлар сынды образдарды батырдың жері мен отанына қауіп төндіретін, жау образындағы адамдар алмастыра бастайды. Оларды негізінен көне мифтік бейнелер, зооморфтық кейіпкерлер, туыстас, бірақ жауласып
жүрген ру-тайпа өкілдері, қалыңдық үшін бақталастыққа түскен қарсыластар, құрайды. Мақалада
архаикалық және батырлық эпостағы бас кейіпкерлермен күресуші образдардың түрленуі мен дамуы жан-жақты қарастырылады. Эпикалық кейіпкердің бейнесін жасаудағы көне сюжет пен мотивтердің рөлі сипатталады. Көне эпостағы қаһарман қарсыластарының түрлері айқындалады. |
ru |