dc.description.abstract |
Мақалада мифтің қазіргі зерттеулердегі тұжырымдары қарастырылып, оның символикалық табиғатына назар аударылады. Мифке берілген анықтамаларға талдау жасалады. Символдың миф құрылымындағы ролі туралы пайымдаулар жүйеленіп, оның тұспалды, ақпараттық
қызметін метамәтінділік бағытта қарастырудың негіздері ұсынылады. Мифолог ғалымдардың символды таныту, түсіндіру мақсатындағы ой-пікірлері ұсынылған еңбектері назарға алынады. Мифтің
ең негізгі атрибуты – символ екендігіне баса мән беріледі. Символиканы түсіндірудегі метамәтіннің
маңыздылығы ескеріліп, осы бағытта талдау жасау қажеттігі дәлелденеді. Мәтінаралық байланыстар туралы тұжырымдардан туындаған метамәтіннің өзіндік ерекшелігі, қызметі көрсетіліп, сол
негізе мифтерді көне және жаңа мәтін ретінде сабақтастыра қарастыру негіздері анықталады. Талдау нысанына көне мифтерден, фольклорлық туындылардан және көркем әдебиеттен нақты мысалдар алынады. Мифтік түсініктегі екі дүниенің арасын байланыстырушы су әлемі адам жанын тасымалдаушы кейіпкерлер қызметі қарастырылады. |
ru |