dc.description.abstract |
Мақалада структурализм әдісінің негізгі принциптері, оның заманауи әдебиеттанудағы маңызы айтылады. Структуралистердің таңбалар жүйесіне қатысты
тұжырымдары салыстырылып, жүйеленеді. Семиотик-структуралистердің тұжырымдары бойынша кез келген зат немесе құбылыс таңбалық құрылыммен танылса,
әдеби көркем туындыда таңба рөлін сөз атқарады. Сөздің символдық мәні танытуда
таңбалық құрылымды таныту маңызды болмақ. Осы тұрғыда суреткердің поэтикалық танымының сөз арқылы бейнеленуі назарға алынады.
Қазақ поэзиясының үздік үлгісі санатындағы Абай өлеңдері мәтіндеріндегі символдық
үлгілерді семиотикалық аспектіде қарастыру арқылы ақынның суреткерлік шеберлігін
таныту мақсат етіледі. Абайдың поэзиялық мұрасы дүниетаным мен поэтикалық
танымның мінсіз ұштасуының бірегей мысалы екендігі дәлелденеді. Көркем бейнелеудің озық үлгісіне айналып, кейінгі мәтіндерге сәулесін түсірген поэтикалық тіркестер
мен ұғымдар ақын өлеңдерінің әлемдік кеңістігі мен биік деңгейін айқындай түсетіндігі айқындалады. Өмірлік философияны, көңіл күй әуендерін символдық суреттеулер
арқылы таныту ақынның көп өлеңдеріне тән екендігі мысалдар арқылы көрсетіліп,
тұжырымдар жасалады. |
ru |