Репозиторий Dspace

Ахмет Байтұрсынұлы нақыл сөздерінің ағартушылық сипаты

Показать сокращенную информацию

dc.contributor.author Жұмағұл, С.Б.
dc.date.accessioned 2023-08-17T09:28:12Z
dc.date.available 2023-08-17T09:28:12Z
dc.date.issued 2021
dc.identifier.issn 2616-678Х
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/5080
dc.description.abstract Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымында ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялыларының тағылымды ғұмырын, әдеби мұрасы мен сан қатпарлы іргелі ғылыми еңбектерін зерделеу өзекті сипат алуда. Ұлттық жаңару мен жаңғырудағы Алаш кезеңі қазіргі тәуелсіздікке қол жеткізудегі белесті кезең болса, осынау тарихи үрдісте реформатор тұлға Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы ерекше маңызға ие. Сондықтан да ұлт ұстазының сан салалы мұрасын әр қырынан қарастыру үрдісі толастамақ емес. Мақалада Алаш ардақтысының нақыл сөздері сараланып, ағартушылық кезеңнің рухын айқындаудағы өзектілігі байыпталды. Нақыл сөздері – ояну дәуіріндегі рухани және саяси күрестегі елшілдік рух, ұлтшылдық сезім, мемлекетшілдік сана көрінісінің қайнары болғаны айқындалды. Сол арқылы санаткердің сан қатпарлы шығармашылық тұлғасы, қоғамдықсаяси және мемлекеттік қызметін танудағы нақыл сөздерінің алар орны екшелді. Қазақтың саяси теңдігіне, рухани кемелдігіне ғұмырын арнаған ағартушының оқу-ағарту, өнер-білім, ғылым хақындағы нақылдарымен қатар халқын жаһитшылдыққа, кәсіби біліктілікке баулыған толғамдарының маңызы бағамдалды. Қазақ тіл білімі және әдебиеттануының негізін қалаған тұлғаның ана тілі, тіл лұғаты, сөз өнері хақындағы нақыл сөздерінің құндылығына екпін жасалды. Ұлттық жазу реформаторының тіл оқытудың әдістемелік мәселелері, әліпби тұғырнамасы туралы нақыл сөздерінің қазіргі отандық білім беру қағидаттарын ұштаудағы өміршеңдігі бағаланды. Қазақ кәсіби публицистикасын, журналистикасын қалыптастыруға тарихи еңбек еткен қалам қайраткерінің газет, көсемсөз табиғатын байыптаған нақылдарының тереңдігі талданды. А.Байтұрсынұлының қазақ тілімен қатар орыс тіліндегі мақала, баяндамаларындағы нақыл сөздері ой-өріс кеңдігі, дүниетаным тереңдігімен ерекшеленетіні дәйектелді. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher ЕНУ им. Л.Н. Гумилева ru
dc.subject нақыл сөздер ru
dc.subject ағартушылық ru
dc.subject реформатор ru
dc.subject ояну дәуірі ru
dc.subject рухани кемелдену ru
dc.title Ахмет Байтұрсынұлы нақыл сөздерінің ағартушылық сипаты ru
dc.type Article ru


Файлы в этом документе

Данный элемент включен в следующие коллекции

Показать сокращенную информацию

Поиск в DSpace


Просмотр

Моя учетная запись