Репозиторий Dspace

Смағұл Садуақасұлының әңгімелері: көркемдік және тарихилық қағидаттардың ықпалдастығы

Показать сокращенную информацию

dc.contributor.author Қамзабекұлы, Д.
dc.date.accessioned 2023-08-17T10:38:57Z
dc.date.available 2023-08-17T10:38:57Z
dc.date.issued 2021
dc.identifier.issn 2616-678Х
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/5089
dc.description.abstract ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы көркем прозада «Салмақбай – Сағындық», «Күлпәш», «Күміс қоңырау» повестерімен, «Сәрсенбек» романымен аты мен заты қалған Смағұл Садуақасұлының «Өртең», «Салмақбай, Махамбет», «Аптономиа» сынды әңгімелері әрі көркемдік, әрі тарихилық сипатымен ерекшеленеді. Алаш әдебиеті кезеңіне жататын осы көркем шығармалардың авторы – жай жазушы ғана емес, парасаты толысқан, жастай саясат ісінде шыңдалған қайраткер. Тұлғалар қолына шабыттан гөрі ағартушылық мақсат қалам алдыртады. Айталық, Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның саясат жұмысы барысында білікті көсемсөзші, сындарлы әдебиеттанушы болуының себебі сол. Бұл қасиет Смағұл Садуақасұлында да болды. Аса күрделі кезеңдегі ұлт жастарының арманы, зиялылар арасындағы елдік және төңкерістік мәселелерге байланысты көзқарастар, большевизм кезіндегі халықтың табиғи мүддесі, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер – қаламгердің негізгі нысанасы. Отаршылдық – әділетсіздік, аярлық, зорлық-зомбылық арқасында ғұмырын ұзартқан тамыры терең, кесапат құбылыс. Әлемдегі талай халықтарға трагедия алып келген осы басқыншылық (Алаш лексиконында «жуан жұдырық») Қазақ елін адам айтқысыз қиындыққа душар етіп, теңдік пен еркіндік аясындағы дамуын тежеді. Әділеттікке деген ұмтылыс жастай сезімі мен санасында қайнаған Смағұл ұлтына азаттық тимеген екі қоғамды жаман жағын да, қайсыбір жақсы жағын да парықтап, ақылымен ұғып өсті. Әлем және орыс әдебиеті, ұлт фольклоры дәстүрінен бастау алатын ХХ ғасырдың бас ширегіндегі қазақ әдебиетінің өкілі ретінде Смағұл Садуақасұлы көркемдік және тарихилық қағидаттарға иек артып және сол екеуінің ықпалдастығы арнасында жазушылық шеберліктің бел-белестерін игерді. Мақалада С.Садуақасұлының әдебиет тарихынан сырт қалып келген әңгіме жанрындағы ізденістері мен табыстары қарастырылып, талданады. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher ЕНУ им. Л.Н. Гумилева ru
dc.subject Алаш әдебиеті ru
dc.subject елдік мұрат ru
dc.subject көркемдік және тарихилық қағидаттар ru
dc.subject бейнелер жүйесі ru
dc.subject отаршылдық ru
dc.subject көсемсөздік сарын ru
dc.subject оқырман танымы ru
dc.subject көзқарас тартысы ru
dc.title Смағұл Садуақасұлының әңгімелері: көркемдік және тарихилық қағидаттардың ықпалдастығы ru
dc.type Article ru


Файлы в этом документе

Данный элемент включен в следующие коллекции

Показать сокращенную информацию

Поиск в DSpace


Просмотр

Моя учетная запись