Аннотации:
Алаш кезеңі мұрасын жаңа ғылыми парадигмалар аясында зерттеу – қазіргі
отандық қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарда өзекті мәселенің бірі. Пәнаралық байланыс бағытында жүргізілетін ізденіс алаш мұрасында фольклор материалының молдығын көрсетеді. Ұлт зиялылары отаршылдықтан арылудағы саяси күрескерлік және
ағартушылық мұраттарын қалың қауым санасына ояну дәуірінің рухында сіңіруде халық даналығын ұтымды пайдаланды. Рухани мұра интегративті фольклортану аспектісінде зерттелгенде алаш кезеңі еңбектерінде халық эстетикасы айқын көрінетіні
байқалды. Мақалада халық мұрасы қазақ мақал-мәтелдерін жинап жариялаушы Ахмет
Баржақсыұлының еңбегі қарастырылады. Қазақ мақал-мәтелдерінің табиғатын, жанрын анықтаудағы алғашқы ғылыми қадамының маңызы айқындалады. Қазақ мақал-мәтелдерінің көркемдік-эстетикалық жүйесін саралаудағы құнды тұжырымдары екшеледі. Фольклорлық үлгілердің халықтық сипатын, әлеуметтік маңызын, эстетикалық
әлемін зерделеуі байыпталады. Ертегі, өлең, жұмбақ, мақал және мәтелдерге берген теориялық анықтамаларының құндылығы атап көрсетіледі. Қазақтың мың үш жүз мақалын жинап, «Мың бір мақал» деген атаумен жарыққа шығарудағы маңызды қызметі бағаланады.