Выпуск 2023, №1 (142)
Искать по
Недавние добавления
-
«Қырық мысал» жинағының жазылуы мен басылуы
(ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)Мақалада қоғам және мемлекет қайраткер, реформатор тұлға, ағартушы ғалым, ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынұлын шығармашылығының беймәлім қырлары қарастырылады. Атап айтқанда, А.Байтұрсынұлы талантын жаңа бір қырынан танытатын «Қырық мысал» жинағының жазылуы мен басылуы архив деректері негізінде талданады. Қазақ халқының азаттығы үшін күрескен А.Байтұрсынұлы азаттық идеясын патша ...2023-08-18 -
Социокультурная обусловленность лексических единиц молодежного социолекта
(ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)Статья посвящена изучению социокультурной маркированности лексем молодежного социолекта. Актуальность ее заключается в том, что данный вариант коммуникативной подсистемы языка дифференцируется в обществе в соответствии со стратификационным параметром социальной группы молодежи и необходим для их потребностей. Данный социолект не нашел должного освещения в лингвистической литературе. ...2023-08-18 -
Қазақ тілін оқыту үдерісінде қолданылатын тапсырма түрлері
(ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)Мақалада жоғары оқу орындарында «Қазақ тілі» пәнінен білім беру мен оқу үдерісінде қолданылатын тіл үйрету әдістемесі қарастырылады. Лексика-грамматикалық тапсырмаларды түсіндіру барысында цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндігі көрсетіледі. Бүгінгі таңда цифрлық технологияларды қолдануға байланысты ақпараттар, ақпараттық ресурстар көптеп саналады. Қазақ тілін оқыту ...2023-08-18 -
Қожа Ахмет Ясауи хикметтеріндегі адамдық мұрат пен имандылық негіздері
(ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)Мақалада түркі жұртының рухани атасына айналған Қожа Ахмет Ясауидің өміртарихы мен асыл мұрасы – «Диуани Хикмет» («Даналық сөздер» - «Хикметтер») кітабының табиғаты мен тағылымы, ондағы Алланың ақиқат жолы, адамдық мұрат пен адамгершілік қағидаттары, қоғам мен заман шындығы, дүние дидары, дін-діл мәні, ар-иман иірімі, ақыл-парасат өлшемі, исламдық тәрбие, софылық идея, ел-жер ...2023-08-18 -
Сөйлеу етістіктерінің мағынасы мен қолданысы
(ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)Етістік – мағыналық топтарға бай сөз табы. Етістіктің мағыналық топтарының ерекшелігі олардың қызметі мен қолданысы арқылы айқындалады. Солардың ішінде ең жиі қолданылатыны – сөйлеу етістіктері. Сөйлеу етістіктері сөйлеу әрекетімен байланысты. Сөйлеу – адамға тән, адамдардың өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын үдеріс, құбылыс. Адамның сөйлеу әрекетінің жүзеге асу сипаты, ...2023-08-18 -
Қазақ тіліндегі пандемия лексикасы
(ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)Мақала қазақ тіліндегі Covid-19 лексикасы туралы зерттеудің нәтижелерімен бөліседі. Бұл зерттеудің мақсаты пандемияның тілге әсерін және пандемия лексикасының қазақ тіліндегі көрінісін анықтау болып табылады. Зерттеуде пандемия лексикасына лингвистикалық тұрғыдан сипттама берілді және коронавирустың Covid-19 түріне арналған арнайы лингвистикалық корпустарға шолу жасалды. Қазақ ...2023-08-18 -
Ежелгі үнді сюжетінің Mайлықожа Cұлтанқожаұлының «Тотынама» мысалында трансформациялануы
(ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)Бұл мақалада қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар ақын Майлықожа Сұлтанқожаұлының «Тотынама» атты шығармасының желісі мен ежелгі үнді әдеби ескерткіштерінде кең таралған сюжеттің өзара үндестігі жан-жақты қарастырылған. «Панчатантра», «Кәлила мен Димна» және «Хитопадеша» сияқты әлемге танымал шығармаларда баяндалған тасбақа мен екі құстың оқиғасы көптеген елдердің әдебиетінде ...2023-08-18 -
«Киелі ағаштың» поэтологиялық пішіні
(ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)Үш әлемді байланыстыратын «өмір ағашы», «әлем ағашы» ұғымынан туындап, адамзат санасына киелілік қасиетімен орныққан бұл нысанның танымдық тарихы тым көне дәуірлерден бастау алады. Адамзаттың мәдени жадында архетип символ ретінде әлем ағашының орны айрықша. Бұл туралы көне мәтіндер мен миф құрылымын қарастырған еңбектердің барлығында мүмкіндігінше зерттеліп келеді. Қазақтың ...2023-08-18 -
«Интернет-мем» және олардың түрлері
(ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)Интернет-мемдер – бейвербалды құралдың бірі ретінде әлеуметтік желілерде қазіргі кезде белсенді қолданылады. Мақалада әлеуметтік желі тіліне тән осындай бейвербалды құрал – Интернет-мемдер қарастырылады. Интернет-мемнің пайда болуы ғаламтордың жанрлық құрылымының күрделенуі мен дамуына тікелей байланысты. Олар өздерінің бай семантикасы және жоғары экспрессивтілігімен ерекшеленеді. ...2023-08-18 -
Көркем шығармадағы бейнелілік призмасы
(ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)Өнер – адамзат өміріндегі ерекше, бірегей құбылыс. Ол ежелден бері адамның рухани болмысына қызмет етіп келеді. Шынайы өнердің ғұмыры шексіз, ол қай дәуірдің де ерекшелігіне кірігіп, уақыттан тыс жасай береді. Өнерге шығармашылық сипат тән. Сондықтан да өнерде үнемі көркемдік қиялға, болжамға орын беріледі. Әдебиет – көркем шығармашылық түр. Сөз өнерінің болмысы басқа өнер ...2023-08-18 -
Жиембет жырау толғауларындағы көшбасшылық идея
(ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)Мақалада Жиембет Бортоғашұлының мұрасы мен жыраулық өнердің синкреттілігін анықтап, саралау мақсат етілген. Жиембет Бортоғашұлы шығармашылығын негізге ала отырып, жыраулардың тұлғалық қасиетінің көп қырлылығын анықтау да мақаламыздың негізгі зерттеу нысанына алынған. Жиембет жырау толғауларынан көрінетін көшбасшылық қасиетін жан-жақты саралап, әдеби талдау тұрғысынан тұжырымдар ...2023-08-18
