Аннотации:
Шыны өндiрiсiнiң, кез келген өндiрiс орны сияқты, қоршаған ортаға керi әсерi
бар. Бүгiнгi күнi шыны өндiру өте қарқынды дамуда. Сондықтан осы қарқындап дамып келе
жатқан шыны өндiрiсiнiң қоршаған ортаға әсерлерiн зерттеу маңызды болып отыр. Тараз
қаласы САФ шыны зауытының қоршаған ортаға, оның iшiнде жұмыс цехтарына шығаратын
шаң-тозаң мөлшерiн анықтау барысында, шыны зауытының шаң-тозаң шығаратын негiзгi
көздерi, шаң-тозаңның мөлшерi, олардың дисперстiк құрамы анықталды.
Жүргiзiлген зерттеулер шаң концентрациясының көрсеткiштерiнiң шихта тиеушi цехта,
шихта жасау учаскесiнде және сода тиеушi учаскеде, шыны балқыту пешiнiң жұмыс аймағында
белгiленген ШРК (шектi рауалы концентрация) шамасынан бiраз артық болатынын көрсеттi.
Бұл қоршаған ортаға және зауытта ұзақ уақыт жұмыс iстеушi жұмысшылардың денсаулығына
тiкелей әсер етедi.