Abstract:
Қазіргі уақытта этнотуризм әлем елдерінде экономикалық және мәдени дамуды
қамтамасыз етіп, тарихи мұраларды сақтауға жағдай жасайды. Этнотуризм туризмнің саласы ретінде мәдениет, дәстүрлер, тілдерді танытуға жағдай жасап, ел экономикасына оң әсер тигізеді. Ұсынылып отырған мақалада шет мемлекеттердегі этнотуризм дамуының ғылыми-теориялық негіздері
қарастырылып, қазіргі уақытта этнотуризм мен оның тұжырымдамалық пікірлерін қалыптастыруда
теориялық және әдістемелік тәсілдемелерінің деңгейлерін жан-жақты зерделеу маңыздылығы айқындалған.