Abstract:
Заманауи білім беру жүйесі жаңа ақпараттық қоғамдағы кәсіби қызметке жаңа
буынды дайындауға арналған. Мақалада қоғамды ақпараттандыру жағдайында білім берудің
жаңа парадигмасы қажеттілігі көрсетілген, білім берудің жаңа моделі ұсынылып, оқу
процесін ұйымдастырудың негізгі мәселелері нақты көрсетілген. Қашықтықтан оқыту
икемділігі оқушының жеке білім беру траекториясын құруға мүмкіндік береді.