Abstract:
Мақала Java тілінде қауіпсіз қосымшаларды құру барысында Oracle
дерекқорының қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалын тигізетін - қалпына келтіру
менеджері технологиясын талдап, зерттеуге бағытталған. Әрбір компания тиімді жұмыс
істеу үшін деректерге сүйенеді. Еліміз цифрлық иновация бағытына бет бұрғаннан бері
деректердің де саны күн санап өсіп келеді және корпоративтік деректерді қорғау – қазіргі
маңызды міндет. Сондықтан критикалық жағдайларда сақтық көшірме жасауға қабілетті
қорғалған Java қосымшаларын құру кезінде бүкіл дерекқорды жылдам көшіре алатын және
оңай қалпына келтіруге көмектесетін тиімді технологияларды қолдану дерекқордың
қауіпсіздігі және оның сақтығымен байланысты мәселелердің біршама бөлігін шешуге
септігін тигізеді. Осындай мүмкіндіктерге ие технологиялардың бірі - Oracle RMAN. Мұнда
осы технологияның компоненттері, жұмысы, ерекшеліктері, артықшылықтары мен қосымша
құруда қолданудың маңыздылығы ашылып көрсетілді.