Abstract:
Мақалада бруцеллез, пастереллез қоздырғыштарына қарсы антимикробты және антибактериальды белсенділікке ие өсімдіктердің екіншілік метаболиттері, өсімдік сығындылары туралы жалпы шолу жасалынған. Бірқатар жұмыстар этнофармакологиялық зерттеулерге арналған. Әр түрлі тұқымдастыққа жататын кейбір өсімдіктерді қолдану үй жануарларын аталмыш аурулардан емдеуде тиімді екендігі көрсетілген. Сонымен қатар түрлі еріткіштерден алынған өсімдік сығындыларының бруцеллез, пастереллез қоздырғыштарына қарсы белсенділігі зерттелген.