Abstract:
Бұл мақалада Шығыс Қазақстан өңірінде кездесетін дәрілік өсімдіктерді, атап айтқанда радиация аумағында кездесетін дәрілік өсімдіктерді жинап, түрлерді анықтау жұмыстары туралы жүргізілген жұмыс баяндалады. Біз 25 тұқымдасқа біріктірілген 50 түрді анықтадық, олардың 17-сі көп мөлшерде кездессе, 13 түр аз немесе өте аз, ал қалған 20 түрі орташа шамада кездесетіндігі анықталды. Таралу ареалы шектелген жалбызтікен (алтей), сары тұңғиық (кубышка желтая), қырлышөп (купена), аңдыз (девясил), авран (авран), жұпаргүл (адонис) сияқты дәрілік өсімдік түрлері қорғауды қажет етеді. Бұл түрлерді табиғатта сақтап қалу жұмыстарын жүргізе отырып, жинауға да тыйым салыну қажет. Дәрілік өсімдіктерді топтастыру кезінде түр жағынан бай тұқымдастарға мыналар жатады: күрделігүлділер (Compositae), раушангүлділер (Rosaceae), сарғалдақтар (Ranunculaceae), ерінгүлділер (Lamiaceae) - құрады.