Abstract:
Бұл шолу мақаласында қазіргі таңдағы ең маңызды бағыттардың бірі
болып табылатын нанотехнологияда қолданысқа ие нанобөлшектер жайлы ақпарат берілген. Нанобөлшектердің кең таралған және кең қолданысқа ие түрлеріне сипаттама берілген. Олардың құрылысы толығымен сипатталып, табиғатта таралуы, алуантүрлілігі және табиғатта қандай заттар мысал бола алатындығы, қасиеттері толық қарастырылған. Сонымен қатар, нанотехнология бағытында, медицинада, гендік инженерия мен биологияда қолданылуы да баяндалған. Нанобөлшектердің әрбір түрінің қай ауруды диагностикалау кезінде қолданылатыны жайлы және оларды жетілдіру туралы қысқаша мәліметтер берілген. Нанобөлшектерді обыр ауруы кезінде дәрілік препараттарды тікелей жеткізу барысында қалай пайдаланылатыны баяндалған. Сонымен қатар, нанобөлшектер әр түрлі ауруларды емдеуде дәрілік препарат ретінде де қолданысқа ие. Берілген шолу мақалада нанөбөлшектердің дәл қай түрлері жоғарыда жазылған мақсаттарды пайдаланылатыны туралы жазылған.