Abstract:
Мақалада әлемдік өзекті мәселенің біріне айналған шөлейттенудің Қазақстанның
әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы баяндалады. Шөлейттену аймағында
орналасқан елді-мекендер табиғи ортаның өзгеруіне байланысты күрделі экологиялық
проблемалардың нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық сипаттағы кедергілерге тап
болуда.Арал теңізінің тартылу процесінен бастау алатын Қызылорда облысындағы
шөлейттенудің салдары арқылы мәселенің әлеуметтанулық қырына назар аударылады.