Abstract:
Мақалада қазіргі əлемнің жаһандық үдерістерінің ішінде экология, экологиялық білім мен тəрбие беру мəселелері өзекті болып тұрғандықтан, орта мектеп оқушыларының географиялық білімдерің экологияландыру мақсатында олардың кешенді экологиялық білімдерін тереңдету жəне кеңейту қажеттілігі туралы баяндалады. Ол үшін география сабақтарының мазмұның экологияландыру үдерісін экологиялық білімді тек білім, білік, дағдыларды қалыптастыру ретінде ғана емес, сонымен қатар табиғатты қорғаудың белсенді тəжірибелік іс-əрекет ретінде қарастыру қажет. Мектептегі экологиялық білім берудің басты мақсаты-оқушылардың экологиялық мəдениеті мен экологиялық ойлау қабілеттерің қалыптастыру.