Аннотации:
Сентимент талдау, мәтіндегі оң немесе теріс көзқарастарды автоматтандырылған түрде анықтау соңғы онжылдықта зерттеушілердің назарын аударды. Сонымен қатар, Интернеттегі шолу сайттарын, әлеуметтік желілерді және жеке блогтарды өз пікірлерін білдіру үшін белсенді қолданатын интернет қолданушыларының танымалдығы жаңа технологиялармен қатар тез өсуде. Осы пайдаланушылар жазған пікірлер белгілі бір адамдарға, ұйымдарға, орындарға, оқиғалар мен идеяларға оң және теріс көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді. Табиғи тілдерді өңдеу және машиналық оқыту құралдары, сондай-ақ мәтіннің үлкен көлемімен жұмыс істеудің басқа тәсілдері әлеуметтік желілердегі әртүрлі көңіл-күйлерді анықтауға мүмкіндік береді. Берілген мақалада сентимент талдаудың маңызын, оны жүзеге асыратын программалар түрлерін, түркі тілдеріндегі сентимент талдау ахуалын және машиналық аударма негізінде жасалған мультитілді «Negative Mood» сентимент талдау программасының жұмыс алгоритмімен танысатын боламыз.