Abstract:
Климаттық жағдайдың жылдан жылға тұрақты өзгеріске
ұшырауы өсімдіктердің өнімділігіне шектеу қоятын көптеген абиотикалық
және биотикалық факторларға олардың бейімделуін талап етеді. Өсімдік
белоктарының функционалды конформациясының сақтау және олардың
метаболизмнің бұзылуына алып келетін бөтен белоктардың агрегациясын
жүзеге асырмау жоғары маңызға ие процесстер болып табылады. Орта
температуранысының жоғарылауына жауап реакциясы ретінде арнайы
белоктардың синтезделуі барлық тірі ағзалардың клеткаларының ортақ
қасиеттерінің бірі болып табылады. Мұндай белоктар жылу соққысы белоктары
(Heat shock proteins - HSP) деп аталады. Алғашында бұл белоктар жылулық
шокпен байланысты сипатталған болатын, алайда, олардың стресстік
жағдайлардың кең спектрімен байланысты синтезделетіні белгілі болды.
Сондықтан, ғылымда жылу соққысы белоктары деген атау бұрыс деп
есептеледі.