Abstract:
Тәжірибе нәтижесінде бройлер тауықтарында диатомитті
жемшөп қоспасы ретінде пайдалану тиімділігі зерттелді. Бройлер
тауықтарының рационына диатомит қосу тәуліктік салмақ қосуды арттырады,
құстың жалпы жағдайын жақсартады, негізгі рационның сіңімділігін
жақсартады. Диатомитті құрайтын микроэлементтер айқын
иммуномодуляциялық әсерге ие: олар азықтың қоректік заттардың бөлінуін
жақсартатын, олардың жануарлар ағзасына қол жетімділігін арттыратын,
метаболизмді жақсартуға ықпал ететін және шартты патогендік
микрофлораның дамуына кедергі келтіретін биологиялық белсенді қосылыстар
шығарады. Диатомитті бройлерлерге рационға қосымша ретінде беру кезінде
тірі салмақтың бақылаумен салыстырғанда 10; 20 және 30 тәулікте тиісінше 2,0;
4,2 және 8,9%-ға артқаны байқалды. Осылайша, диатомит құстар үшін ең тиімді
жем қоспасы екендігі анықталды.