Abstract:
Бұл жұмыста ұйымның қызметкерлеріне төленетін еңбекақы жайлы ақпарат жиналған.
Бүгінгі нарықтық экономика жағдайында еңбекақы қызметкерлер мен жұмыскерлер үшін негізгі табыс көзі,
әл-ауқатының көрсеткіші, экономикалық –әлеуметтік мәні зор көрсеткіш болып табылады. Еңбекақының
түрлері, нысандары мен жұмыс түріне байланысты еңбекақының төленетін мөлшерлемелері көрсетілген.
Заңға сәйкес әр жұмыскердің еңбекақысынан ұсталынатын ұсталымдардың түрлері мен олардың
мөлшерлемелері көрсетілген. Бұл мақалада жалақы туралы барлық ақпарат ашылып баяндалады.