Abstract:
Зерттеу жұмысы барысында мемлекет аумағындағы сакралды
туризм әлеуеті аймақтық деңгейінде қарастырылды. Мақаланың зерттеу бөлімі
негізінде аталған туризм саласы өңірдің экономикалық дамуы аясында зерделенді.
Мақала мазмұны Павлодар облысының Ертіс-Баян аймағына қарасты сакралды ескерткіштерін өңірлік экономикалық даму тұрғысынан қамтиды. Облыстың туризм перспективасы жоғары тарихи-киелі орындары қатарына Ғабдыл-Уахит
Хазірет, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы және Ақбалық Хазірет кесенелері, Қоңыр Әулие
үңгірі мен Исабек Ишан Хазірет кесене кешені мысалындағы сакралды ескерткіштер қарастырылды.