Abstract:
Жұмыста корейлердің Қазақстан жеріне қоныс аударуының тарихи алғышарттары, көшу үдерісі мен салдары баяндалады. Соңғы жылдары бұл мәселе корей этникалық қауымдастығының экономика, мәдениет, әлеуметтік орта салаларындағы алатын орны мен атқаратын орнында кең етек жаюда. Мұндай жағдайларда этникалық қауымдастықтарды, диаспораларды зерттеу ерекше өзектілікке ие. Бұл жерде этникалық қауымдастықтардың қабылдаушы мемлекеттерге келуінің тарихи алғышарттарына және олардың доминант халықпен өзара байланысы, менталитеттің қалыптасуы, әр халықтың ұлттық құндылықтарын сақтауға деген қызығушылықтары арта түседі. Осымен байланысты, миграция үдерісінде адамдардың жат ұлттық ортаға бейімделуі мен сіңісіп кетуі үлкен мәселеге айналады. Зерттеу объектісі – Корей түбегінің шекарасынан тыс өмір сүріп жатқанкорей этникасының негізгі халқынан бөлініп, Қазақстанға қоныс аударуы және жаңа жағдайларға бейімделуіне тарихи шолу жасау.