Abstract:
Бұл мақалада Ақмола өңірінде таралған раушангүлділер тұқымдасына түрлік құрамы және қазіргі жағдайы сипатталады. Сиреп бара жатқан түрлері мен табиғи қорларына және оларды қорғау мен тиімді пайдалану туралы мәліметтер беріледі. Зерттеу барысында 15 туысқа біріктірілген 54 түрді анықталды. Зерттелген аймақтың флорасына экологиялық талдау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде өсімдіктер 4 топқа біріктірілді, оның негізін топырақ ылғалдылығына байланысты бірінші орында, мезофиттер -17 түр, екінші орында, гидрофиттер -15 түр, үшінші орында, ксерофиттер - 12 түр және төртінші орында, гигрофиттер – 10 түр құрады.