Abstract:
Берілген мақала темір жол инфрақұрылымдарының қоршаған ортаға әсер ету мәселелерін қарастыруға бағытталған. Темір жол кешені экономиканың ірі саласы болып саналғанымен, қоршаған табиғи ортаға тигізетін зиянды әсерін төмендету және болдырмау мәселелері әлі де болса толық шешілмеген. Темір жол көліктерінен қоршаған табиғи ортаға шығарылатын химиялық зиянды заттар ешқашан өздігінен жоғалып кетпейді. Керісінше, жол маңындағы өсімдіктердің бойына, топырақ жамылғысына сіңіріледі де, қоректік тізбек арқылы адамдардың немесе жануарлардың ағзасына дейін таралу қаупін тудырады. Табиғи ортаның бір құрамдас бөлігінің ластануы оның басқа да құрамдас бөліктеріне өзгеріс әкелмей қоймайтындығы белгілі. Себебі, табиғи ортада үнемі барлығы өзара байланысты.