Abstract:
Жұмыста ақпараттық теория негіздерін орта мектепте оқыту
мәселелері зертелген. Қазіргі уақытта ақпарат теориясының кейбір негізгі ұғымдары
объективті және субъективті себептерге байланысты толық ашылмағаны дәлелденген.
Оқушылардың ақпараттық теорияның негізгі ұғымдарын, заңдарын және теорияның
практикалық қолданысын оқушылардың жүйелі түрде оқып үйренуін қамтамасыз
ететін білім беру ортасының құрылымы және функциялары қарастырылған.
Ақпараттық теория бойынша білім беру ортасының құрылымының маңызды
элементі оқытудың әдістемелік жүйесі толық ашылған. Әдістемелік жүйенің
негізгі бөлігі – ақпараттық ілімге қатысты теориялық және практикалық оқу
материалдары болып табылады. Бұл оқу материалдары білім беру мазмұнының
негізгі бөлігін құрайды. Әдістемелік жүйенің басты бөлігі болып табылатын білім
беру әдіснамасының құрылымы толық ашылған. Ақпараттық теория негіздерін
оқушылардың тиімді түрде меңгеруін қамтамасыз ететін оқыту әдістері мен
формасы, технологиясы және оқыту құралдары зерделенген.