Abstract:
Бұл мақалада виртуалды зертхананың студенттердің оқу үлгеріміне,
іс-тәжірибелік дағдыларының артуына әсерін талдау, сонымен қатар виртуалды
зертхананы қолдану әдістемесі сипатталады. Виртуалды зертхана студенттерге
тәжірибені жақсартуға көмектесетін интеграцияланған виртуалды ортаны
ұсынып оларды шынайы зертханаға дайындайды. Виртуалды ортаның көмегімен
студент нақты зертханалық ортаны және онымен байланысты процестерді
бағдарлайды, елестетеді және модельдейді. Осы мақалада виртуалды зертхананың
мүмкіндіктері сонымен қатар дәстүрлі зертханамен салыстырғандағы
артықшылықтары сипатталады. Виртуалды зертхананы бейорганикалық химияның
теориялық негіздері курсында химиялық реакция жылдамдығы тарауында қолдану
қарастырылып, алынған нәтижелер талданатын болады. Шет елдерде қолданылып
жатқан виртуалды зертханалық интерфейсті қолдану арқылы студенттердің істәжірибелік дағдыларына әсерін сынадық. Бағалау нәтижелері бойынша студенттердің
қанағаттануына оң әсерін тигізді. Сәйкесінше виртуалды ортаның нақты зертханаға
кірер алдында қолдануға болатын алдын-ала жаттығу құралы деп есептеуге болады.
Сонымен қатар виртуалды зертхана, шынайы зертханамен бірігіп қолданған сәтте
тиімділігі жоғарылайтындығын байқатады.