DSpace Repository

Қызылжар қазақтары фольклорлық мұрасының жас ұрпақты оқытудағы тәрбиелік мәні

Show simple item record

dc.contributor.author Маулет, А.
dc.date.accessioned 2023-11-14T10:04:45Z
dc.date.available 2023-11-14T10:04:45Z
dc.date.issued 2023
dc.identifier.issn 2616-6895
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/9333
dc.description.abstract Мақалада ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауызекі немесе құймақұлақтық қасиетпен жалғасқан Солтүстік Қазақстан облысының рухани мұраларының жиналу, сақталу, зерттелу мәселелеріне және сол мұралардың жас ұрпақ тәрбиесіне рөлі қарастырылады. Қызылжар өңірі – Сарыарқаның бір бөлігі ретінде, қазақтың аспаптық музыкасы мен фольклорлық мұраларының тамыры үзілмей сақталған қасиетті өлкенің бірі. Солтүстікті жайлаған елде қазақ халқының ұлттық музыкасы мен фольклорының оның ішінде отбасылық әдет-ғұрып, салт-санаға қатысты бай дәстүрлері сақталған. XVII-ХІХ ғасырдағы қазақта сөз бастаған ақынжыраулар Қожаберген Толыбайсыншыұлы, Шал Құлекеұлы, халықтың санасынан өшпестей орын алған сал-серілер Сегіз сері, Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақтар салған әншілік өнердің түп негізі де осы өлкеде өркен жайған. Бұл өңірде сақталған халқымыздың салт-санасы, әдет-ғұрпына байланысты мұралар, этнографиялық құндылықтар, ұлттық қолөнер туындылары, халық ауыз әдебиетінің үлгілері (шілдехана, жоқтау, сыңсу, жар-жар, ән-күй, қара өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, жыр, терме, жарапазан, бақсы сарындары т.б.) ауызекі және атаданбалаға тікелей мұрагерлік жолмен таралып, ұлтымыздың және әлемдік адамзат өркениетіне өзіндік үлесін қосуда. Сондай-ақ Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, Қызылжар өңіріне шетелдерден қандастарымыз көптеп қоныс тепті. Қызылжар өңіріне келіп қоныстанған қандастар легімен бүгінгі таңда жас ұрпақтың жадынан ұмыт бола бастаған, ұлттың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне, аспаптық муыкасы мен этнографиясына қатысты қыруар мұралар келді. Осы мақаланың ғылыми талдау бөлігінде, Қызылжар өңірін мекендеген байырғы қазақтар мен елге оралған қандастардан жазылып алынған ауыз әдебиетінің байырғы үлгілерімен қоса музыкалық-фольклорлық мұраларының аймақтық-орындаушылыққа тән ортақ ерекшеліктері мен ұлттық рухани ортақтығы тұжырымдалады. Мақалада берілген «жұмбақ», «жаңылтпаш», «бақсылық сарын» сияқты фольклорлық мұралар туралы құнды деректер, 2022 жылы мақала авторының Қызылжар өңіріне жүргізілген ғылыми-зерттеу экспедиция барысында жиналған тың материалдар негізінде сұрыпталды. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher ЕНУ им. Л.Н. Гумилева ru
dc.subject Қызылжар ru
dc.subject Солтүстік Қазақстан облысы ru
dc.subject фольклорлық мұралар ru
dc.subject жұмбақ ru
dc.subject бақсылық сарын ru
dc.subject рухани мұра ru
dc.subject ғылыми-зерттеу ru
dc.title Қызылжар қазақтары фольклорлық мұрасының жас ұрпақты оқытудағы тәрбиелік мәні ru
dc.type Article ru


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account