Abstract:
Авторлық құқық саласындағы көпжақты халықаралық келісімдерге сипаттама беру. Келісімдердің мазмұны мен мақсаттарымен танысу. Бұл мақала авторлық құқық саласындағы көпжақты келісімдерді қарастырады. Атап айтқанда, 1886 жылғы 9 қыркүйектегі әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясы, Авторлық құқық туралы Дүниежүзілік конвенция сияқты көпжақты келісімдер қозғалады. Сонымен қатар, мақалада авторлық құқықты қорғау туралы мәселелер қарастырылады.