Abstract:
Бұл мақалада WebSocket протоколының осалдықтарын зерттеу және талдау
әдістері қарастырылады. Нақты шабуыл мысалдары негізінде WebSocket байланыстарының
қауіпсіздік мәселелері талданып, олардың ақпараттық жүйелерге ықтимал әсері бағаланады.
Сондай-ақ осалдықтарды пайдаланудың негізгі әдістері мен оларды анықтау жолдары көрсетіледі.
WebSocket байланыстарын қорғау және шабуылдардың алдын алу бойынша ұсыныстар беріледі.
Мақала ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мамандарға, зерттеушілерге және веб-қосымшалар
әзірлеушілеріне арналған.