Abstract:
Қазіргі заманда ғылымды цифрландыру халықаралық ғылыми
ынтымақтастықтың маңызды факторы ретінде қалыптасып отыр. Бұл процесс зерттеулердің
қолжетімділігін арттырып, ғалымдар арасындағы өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін
кеңейтеді. Мақалада ғылымды цифрландырудың негізгі аспектілері, оның халықаралық
ғылыми ынтымақтастыққа әсері, сондай-ақ цифрлық платформалар, ашық ғылым
тұжырымдамасы, жасанды интеллект және үлкен деректерді талдау технологиялары
қарастырылады [1]. Сонымен қатар, ғылымдағы сәтті халықаралық жобалардың мысалдары
талданып, олардың жаһандық ғылыми экожүйені дамытудағы рөлі анықталады.