Abstract:
Қазақстанның гастрономиялық мұрасы ғасырлар бойғы тарихи даму, көшпелі өмір
салты, табиғи-климаттық жағдайлар, сондай-ақ басқа халықтармен мәдени өзара іс-қимыл
нәтижесінде қалыптасқан ұлттық мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Дәстүрлі қазақ тағамдары этникалық ерекшелігін көрсетіп қана қоймай, тірі материалдық
емес мәдениеттің бір бөлігі болып табылатын ет және сүт өнімдерінің, дәнді тағамдар мен
сусындардың бай ассортиментін қамтиды. Қазіргі әлемде гастрономия туристерді тарту,
елдің имиджін қалыптастыру және мәдени әртүрлілікті сақтау факторы ретінде ерекше
маңызға ие.
Бұл мақала туристік индустрияны дамыту тұрғысынан Қазақстанның гастрономиялық
әлеуетін талдауға арналған. Ұлттық тағамдардың ерекшеліктері, оның мәдени және тарихи
маңызы және туристік тәжірибенің қалыптасуына әсері қарастырылады. Автор
гастрономиялық туризмнің қазіргі даму тенденцияларын, оның артықшылықтарын,
жергілікті қауымдастықтарды қолдаудағы және тұрақты туризмді дамытудағы рөлін
зерттейді. Сауалнама әдісі бойынша еліміздің әртүрлі өңірлерінде ашылған
мейрамханаларды талдау негізінде қазақ гастрономиясын ішкі және халықаралық деңгейде
ілгерілетуге шешімдер ұсынылады.