Аннотации:
Бұл мақалада Қазақстандағы сауықтыру туризмінің қазіргі жағдайы мен даму
болашағы қарастырылған. Елдің минералды сулар, емдік балшықтар, тұзды көлдер және
ерекше табиғи-климаттық ресурстарға бай болуы бұл саланың әлеуетін көрсетеді. Мақалада
сауықтыру туризміне әсер ететін негізгі проблемалар мен кедергілер талданады, олардың
ішінде инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, қызмет көрсету сапасының төмендігі және
маркетингтің әлсіздігі басты назарға алынған. Осы мәселелерді шешу үшін
инфрақұрылымды жетілдіру, қызмет көрсету сапасын арттыру, заманауи технологияларды
қолдану және халықаралық нарыққа шығу бағыттары ұсынылады.Сондай-ақ, мақалада
Алакөл, Сарыағаш, Бурабай сияқты танымал курорттардың даму тәжірибесі қарастырылып,
олардың ерекшеліктері мен туризм саласындағы рөлі көрсетілген. Әрбір курорт үшін жеке
ұсыныстар беріліп, табиғи және емдік ресурстарды тиімді пайдалану жолдары талқыланған.
Бұл салада аймақтық және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін
кешенді стратегиялар қажет екені айтылған. Сонымен бірге, сауықтыру туризмін дамыту
арқылы ішкі туризмді жандандыру және экономикалық пайда алу мүмкіндіктері де
сарапталған.