Abstract:
Әуе көлігі туризм үшін ерекше маңызды. Соңғы онжылдықтардағы
халықаралық туризмнің айрықша өсуі әуе көлігінің дамуына кем түспейтін дәрежеде ықпал етті. Сонымен қатар, орта таптың кеңеюі, әл-ауқаттың артуы, жаңа ақпараттықкоммуникациялық технологиялардың пайда болуы және жаһандану күштері де туризмнің
өсуіне ықпал етті. Халықаралық әуе жолдарының жолаушыларының басым бөлігі туризм
мақсатында, демалыс немесе кәсіби мақсаттарда саяхаттайды. Сонымен қатар, көптеген
елдерде авиация ішкі туризмді дамытуда шешуші рөл атқарады. Туризмді дамыту
бағдарламасы әуе тасымалын дамытуымен тығыз байланысты. Туризм әуе көлігінің негізгі
тұтынушысы болумен қатар, барлық елдерге, әсіресе дамуы төмен елдерге экономикалық
өсу мен дамуға арналған бірегей мүмкіндік ашады.