Abstract:
Бұл мақалада XXI ғасырдағы цифрлық технологиялардың,
инновациялардың және жасанды интеллекттің (ЖИ) қонақ үй бизнесіндегі рөлі
қарастырылады. Зерттеу барысында цифрлық трансформацияның негізгі тенденциялары,
оның ішінде контактісіз технологиялар, жасанды интеллект, «ақылды бөлме» шешімдері,
виртуалды және толықтырылған шындық, сондай-ақ робототехниканың маңыздылығы
талданады. Қонақ үй индустриясында цифрландырудың қарқынды дамуы клиенттерге
қызмет көрсету сапасын арттырып, бизнес тиімділігін 30%-ға дейін жоғарылататыны
анықталды. Жасанды интеллекттің брондау, баға саясатын оңтайландыру, қонақтармен
өзара әрекеттесу және қонақтардың тәжірибесін жақсартудағы рөлі ерекше атап өтіледі.
Сонымен қатар, Hilton, Marriott International және Accor Hotels сияқты ірі қонақ үй
желілерінің тәжірибесі мысал ретінде келтіріліп, олардың ЖИ технологияларын
қолданудағы жетістіктері сипатталады.
Қорытындылай келе, қонақ үй бизнесін цифрландыру мен жасанды интеллектті
енгізу – туризм саласының дамуындағы бәсекелестік артықшылықтардың бірі екені
анықталды. Бұл технологиялар қонақжайлылық индустриясының сапасын арттырып,
қызмет көрсету үдерісін жеңілдетуге мүмкіндік береді.