Abstract:
Мақалада гендерлік зерттеулер мен феминизмнің дінтану саласындағы
рөлі мен маңыздылығы анықталады. Қазіргі қоғамда гендерлік аспектілердің діни тәжірибеге
әсері артып келеді, әсіресе әйелдердің рухани тәжірибесі мен діни қарым-қатынасы.
Қазақстандағы мұсылман әйелдердің діни тәжірибесі мен әлеуметтік рөлдері, сондай-ақ діннің
гендерлік мәселесіне қарасты ықпалы қарастырылады. Қазақстанның посткеңестік кезеңіндегі
рухани және әлеуметтік өзгерістер, сондай-ақ ислам дінінің гендерлік психологияға және
дәстүрлі қоғамдағы әйелдердің орнына қалай әсер еткендігі көрсетіледі. Гендерлік зерттеулер
мен феминизмнің ықпалымен әйелдер діннің белсенді индивидтері ретінде танылып, жаңа
руханилық формаларын қалыптастырады. Мақала әйелдердің діни тәжірибесінің зерттелуі
мен гендерлік қатынастардың өзгерісін түсінуге бағытталған.