Abstract:
Тәуелділікті емдеудің 12 қадамдық оңалту бағдарламасы тәуелділікті емдеудің ең
тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Ол пациенттің физикалық, психологиялық және
әлеуметтік қалпына келуіне бағытталған дәйекті кезеңдерді қамтиды. Мақалада
бағдарламаның негізгі принциптері мен кезеңдері, сондай-ақ оның сауығу процесіне әсері
қарастырылады. Бағдарлама тәуелділікті емдеуде жоғары тиімділікті көрсетеді. Денсаулық
сақтау министрлігінің тәуелді адамдар статистикасы, диспансерлер, қауымдастықтар және
оңалту орталықтары жөнінде ақпарат беріледі. Бағдарламаны сәтті аяқтау статистикасы мен
пациенттер арасындағы ұзақ мерзімді нәтижелерге ерекше назар аударылады. Сондай-ақ,
мысал ретінде тәуелділікті емдеудегі бір оңалту орталығының статистикасы келтіріледі.