Abstract:
Мақала мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалды жағдайына
әлеуметтік медианың ықпалын зерттеуге арналған. Балалардың цифрлық платформалармен
өзара әрекеттесуінің ықтимал тәуекелдері мен оң аспектілері қарастырылады, сонымен
қатар ата-аналар мен тәрбиешілерге ұсыныстар беріледі. Оң аспектілері ретінде жас
ерекшеліктеріне сәйкес сапалы білім беру контенті әлеуметтік мінез-құлық пен дағдыларды
дамытуға ықпал етуі мүмкіндгі. Балалардың әлеуметтік медианы пайдалануына бақылау
мен саналы көзқарастың қажеттілігіне ерекше назар аударылады.