Аннотации:
Ауыр металдармен ластанудың артуы өсімдіктердің төзімділік
механизмдерін зерттеу қажеттілігін тудырады. Бұл зерттеуде отандық «Ақмола 2» бидайға
(Triticum aestivum L.) молибденнің әсері және оған салицил қышқылының уыттылықты
төмендетудегі рөлі қарастырылды. Өсімдіктердің молибденге жауап реакциясын анықтау
үшін морфологиялық және физиологиялық көрсеткіштері зерттелді. Нәтижелер бидайдың
жоғары молибден концентрацияларына әртүрлі деңгейде сезімталдық танытатынын көрсетті.
Өсімдіктердің стресске жауабын реттейтін фитогормондарды қолдануы зерттеулерге сәйкес
[1], салицил қышқылының 0,1мМ концентрациясын қолдану бидайдың төзімділігін арттыруға
алып келетіні анықталды.