Abstract:
Маңғыстау облысы Қазақстанның оңтүстік-батысында орналасқан және
оның географиялық орны табиғи ерекшеліктерін айқындайды. Бұл аймақтың геожүйелері
әртүрлі табиғи компоненттердің, соның ішінде климат, топырақ, өсімдік және жануарлар
дүниесінің өзара байланысын қамтиды. Аймақта 75 геожүйе түрі анықталды, оның 96%-ы
жазықтықтардан (теңіздік, аллювийлік-пролювийлік) және 4%-ы аласа таулы ландшафттардан
құралады. Маңғыстау облысы шөлді-шөлейтті, аласа таулы және су маңы геожүйелерінің кең
таралуымен ерекшеленеді. Маңғыстау облысының геожүйелерінің құрылымдық
ерекшеліктері — бұл аймақтың табиғи жағдайлары мен экологиялық жүйелерінің күрделі
өзара әрекеттестігін сипаттайды.